Түркістан облысында 6 оңалту орталығы жұмыс істейді

Oinet.kz 02-06-2023 153

12.jpg

Түркістан облысында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы іс-шаралар өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мүгедектігі бар балаларға арналған 6 оңалту орталығында салтанатты іс-шаралар, мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Демеушілер тарапынан балаларға сыйлықтар үлестіріліп, қоғамдық ойын-сауық орындарға, зообаққа, қуыршақ театрларына саяхаттар өткізілді. Осылайша балалар мереке күні қуанышқа бөленді. 

Орталықтар қызметке мұқтаж балаларды өздерінің отбасыларынан алыстатпай, туған-туыстарымен қарым қатынасты үзбеу және қызметтерді олардың тұрғылықты жерлеріне мүмкініше жақындату мақсатында облыстың 5 аумағында орналасқан. 

Атап айтқанда, Түркістан қаласы, Мақтаарал, Сарыағаш, Сайрам және Түлкібас аудандарында қамтылған. Сыйымдылығы кіші 25 орындық орталықтарда жыл бойы орташа есеппен 200 балаларға кепілдірілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі кешенді режимде көрсетіледі. Әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, педагогикалық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық қызметтері арнайы кабинеттерде білікті мамандармен ұсынылады. 

Айта кетейік, облыс бойынша 95 мыңнан астам мүгедектігі бар адам есепке алынса, оның 12 мыңнан астамы балалар. 2023 жылы жалпы әлеуметтік қолдау шараларына бюджеттің барлық көздерінен тиісті қаржы қарастырылған. 2 680 бала үйде оқытылып, негізгі білім алып жатыр. Абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес, 29.05.2023 жылғы жағдаймен протездік-ортопедиялық бұйымдар – 764 дана, сурдоқұрал - 33 дана, тифлоқұрал – 30 дана, қоларба – 234 дана, міндетті гигиеналық құралдар – 3267 дана, санаторлық-курорттық емделу – 126 бала, ымдау тілі маманының қызметі - 7 бала қамтылды.


Ордабасы: Мақташыда жаңа мектеп ашылды
Қарнақта балалар алаңы асармен салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу