Төлеби ауданы: Кәсіп ашамын деген жастарға кеңес берілді
Төлеби ауданындағы Леңгір қаласы мен 12 ауылдық округінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастармен кездесу өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Кездесуде орталық мамандары тарапынан жастарға «Серпін-2050», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Алғашқы жұмыс орны», «2,5% пайыздық несие», «Дипломмен ауылға», «Болашақ» және «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат таратылып, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 14-35 жас аралығындағы жастарға жеке кәсіп ашу және бос уақытын тиімді пайдалану бойынша мәлімет берілді. Нәтижесінде 26 жас 2,5 пайыздық несие алу үшін өтінім жолдап, құжат тапсырды.
Бүгінде ауданда 1593 жас жұмыссыз ретінде тіркелген. Олардың 1163-іне жолдама беріліп, бос жұмыс орындарына жіберілді. Оның ішінде, тұрақты жұмысқа 224 азамат орналасса, 287 азамат қоғамдық жұмыстарға, 55 азамат жастар практикасымен, 84 азамат әлеуметтік жұмысқа тұрды. Ал 87 жас алғашқы жұмыс орындарына орналасты.