Түлкібас: Сапалы жолдың үлесі 87,7 пайызға жетеді

Oinet.kz 27-05-2023 163

тулкубас.jpg

Өткен жылы Түлкібас ауданы аумағындағы елді мекендерде атқарылған жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ішкі көшелердің қанағатты жағдайдағы үлесі 82 пайызға жеткен болатын. Биыл аудан аумағында тұрғындар өтініштеріне сәйкес, бірінші кезекте халық көп шоғырланған 27,68 шақырымды құрайтын 51 көше жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде. Нәтижесінде сапалы жолдың үлесі 87,7 пайызға жетеді.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған көшелердің ішінде көп жылдан бері өзекті мәселе болып келген Майтөбе ауылының 21 және Азаттық ауылының 26 ішкі көшесі бар. Нысандар «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеуден өтпек.

Бұдан бөлек, жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында биыл 12,4 шақырым аяқжол салу жұмыстары басталып, соның ішінде 2,6 шақырымды құрайтын Балықты ауылына қарасты Нұртаев көшесі толық пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Шақпақ баба ауылының орталық көшесіне және Т.Рысқұлов ауылынның Бекбосынов көшесіне аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысандарды шілде айына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Солтүстікке қоныс аударғандарға қаржылай қолдау беріледі
Түркістандық делегация - Өзбекстанда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу