Жол құрылысы жіті бақылауда

Oinet.kz 26-05-2023 188

28.jpg

Қазығұрт ауданында жалпы ұзындығы 18 шақырымға жуық облыстық маңызы бар КХ-44 «Жігерген-Көкібел» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

 Аталған жұмыстарды Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «АлемТрансЖол» ЖШС мердігер мекемесі атқарып жатыр. 

Нысанның жөндеу жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Сметалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу жұмыстары кезінде асфальт жабыны толығымен жаңартылып, елді мекендерде жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салу, жасанды жол кедергісі (ИДН) және тиісті жол белгілерін орнату қарастырылған. 

Салынған жолдың сапасын «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылайтын болады.


«Шарапхана-Жаңабазар-1 Мамыр» жолы жөндеуден өтуде
Темірланда тұрғын үйлер жаңартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу