Жетісайда көлік пен жол саласына 1,9 млрд. теңге бөлінген
Елімізде 2021 жылы «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері Ұлттық жобасы қабылданған. Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру.
Аталған жобаның басты саласының бірі жол инфрақұрылымын жақсарту. Осы бағытта Түркістан облысы Жетісай ауданында тындырымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Жетісай аудандағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды, ал, ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 918,4 шақырымды құрайды.
Аталаған аудан әкімдігінің хабарлауынша, 2023 жылға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 ,9 млрд теңге бағытталған. Нақтырақ айтар болсақ, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1,1 млрд теңгеге 5 елді мекенде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу, жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн теңгеге жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек, ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге 55,1 млн теңгеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілсе, елді мекендерге кіреберіс 2 көпірге жөндеу жұмыстарын жүргіу үшін 20 млн теңге, аудандық маңызы бар 3 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджет есебінен 60,2 млн теңге бөлінген.
Аудан әкімі Серік Мамытовтың тікелей тапсырмасымен үстіміздегі жылға қоғамдық көлікті субсидиялау үшін 63 млн теңге, автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарына 30 млн теңге, бағдаршам орнату жұмыстарына 10,9 млн теңге, бағдаршамдар мен бейнебақылау камераларын күтіп-ұстау жұмыстарына 6 млн теңге, бейнебақылау камераларын орнатуға ЖСҚ әірлеу үшін 3 млн теңге бөлінген.
Алдағы уақыттарда да тиісті басқармалармен жұмыстар жүргізіліп, өз жалғасын табатын болады.