«109» қызметі тыңдап тұр
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып келеді.
Осы орайда, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов 1 күн бойы «109» бірыңғай байланыс орталығының операторы болып жұмыс атқарып, тұрғындардың өзекті мәселелеріне жауап берді.
– Халықтың ұсыныс-тілегіне, арыз-шағымына құлақ асу – басты міндетіміз. Бүгін өзім бастап оператор қызметкерінің 1 күндік жұмысын атқардым. Тұрғындардың өтініштеріне жауап бердім. Күнделікті 700-1000-ға жуық қоңыраулар түседі. Әсіресе коммуналдық мәселелер, жарық өшу, газ, жол салу, балалар алаңшасын орнату мәселелері бар. Өтініштің орындалу мерзімі болады. Тез орындалатын өтініштерге 1 күнмен 7 күннің арасында уақыт беріледі. Ал орындалуы ұзақ уақыт болатын арыздарға мейлінше түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, - деді Әсет Маратұлы.
Сонымен қатар, өңірімізде аталмыш орталықтың жұмысын жандандыру бағытында «109» телебағдарламасы қолға алынған. Тұрғындардан түскен өтініштердің орындалу барысы көгілдір экран арқылы апта сайын бейсенбі күні сағат 17:00-де Turkistan телеарнасынан көрсетіліп жатыр.
Айта кетейік, туындаған сұрақтар бойынша байланыс нөмірлері:
• +7(701)-131-31-09 (WhatsApp);
• Instagram: turkistan_oblysy.109;
• Facebook: Байланыс Орталық;
• 4.Telegram-bot: @turkistan_109_bot.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі