Түркістанда жол құрылысы қарқын алды

Oinet.kz 19-05-2023 376

48.jpg

Өткен жылы Түркістан қаласында 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселіп, қолданысқа берілді. Биылға 42 шақырымды құрайтын 43 көшеге жүргіншілер жолын салу жоспарланып, қазіргі таңда 21,1 шақырымды құрайтын 25 көшеде құрылыс аяқталды. Қалған 19,9 шақырымды құрайтын 17 көшеде құрылыс мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  2022-2023 жылдары іске асқан жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды зерделеу барысында, жалпы 25 көшеде 52 кемшілік анықталған болатын. Қазіргі таңда 12 көшедегі 22 кемшілік бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, қалпына келтірілді.

2022-2023 жылы көшелерде анықталған кемшіліктер бойынша, жауапты мердігерлерге 11 ескерту хат жолданды. Ескерту хатта көрсетілген мерзімде кемшіліктерді орындамаған мекемелерге жалпы 937534 теңге көлемінде айыппұл салынып, ескертуде көрсетілген кемшіліктерді жоюға мерзім белгіленді. Аталған мәселе қала әкімдігінің бақылауына алынған.


Түркістан: Ауыл шаруашылығы инвестициясы көбейген
Кентауда күрделі оталар жасалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу