«Ашық әкімдікте»-облыс әкімінің орынбасары

Oinet.kz 18-05-2023 215

42.jpg

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы азаматтардың мәселелеріне құлақ түріп, жауапты сала өкілдерімен талқылады. Қабылдауға 20-дан астам тұрғын жазылып, өз талап-тілектерін жеткізді. Өңірдің Сауран, Сайрам, Сарыағаш, Келес, Отырар, Мақтаарал, Ордабасы, Бәйдібек аудандары, Арыс және Түркістан қаласының тұрғындарына бөлек, Маңғыстау облысынан келген бір топ азамат өз ұсыныстарын айта келді. 

Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, әлеуметтік салалар бойынша өз өтініштерін білдірді. Облыс әкімінің орынбасары әр өтінішті мұқият тыңдап, заңдылыққа сәйкес қаралатынын мәлімдеді. Облыстық салалық басқармалар, аудан, қала әкімдіктеріне тапсырмалар жүктеліп, хаттамама негізінде өтініш иелеріне жауаптар жолданады. 

— Қордаланған мәселе көп. Ел ішіндегі кейбір проблемалар ақпарат, мәліметтің жоқтығынан, тіпті кейбірі өз құқықтарын заң аясында шешу жолын білмегендіктен туындаған. Кейбіреулер өз мәселесі бойынша қандай мекемеге барып, кө¬мек сұрарын білмегендіктен тікелей келгенін айтуда. Осы тұста аудан әкімдіктері, сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, халықпен тығыз жұмыс істеуді тапсырдым. 

Әрине, оларды шешуде уақытты қажет ететін мәселелер бар, қабылдауға келген облыс тұрғындарының өтініштері толық шешімін тапқанға дейін менің бақылауымда болады.

Белсенді азаматтық қоғамның көмегімен ғана біз бірлесіп мінсіз құқықтық, ашық мемлекет құра алатынымызға сенімдімін, — деді Ермек Кенжеханұлы.


Қазақ-өзбек қолөнершілері меморандум жасады
Түркістан: Қызмет сапасы-89,45 балл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу