Түркістанда «Арай-2023» байқауы өтеді

Oinet.kz 18-05-2023 170

35.jpg

Мамырдың 17-18 күндері облыстың 5 жылдығына орай Түркістанда аймақтық «АРАЙ-2023» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы өтеді. Осыған орай, байқау қарсаңында бүгін баспасөз жиыны ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Алдымен сөз алған Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы бұл шараның тарихына тоқталып өтсе, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров байқаудың өту барысына тоқталды. 

Сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері ҚР Мәдениет қайраткері, профессор, журналист, ғалым, композитор Бекжігіт Сердәлі мен ҚР Мәдениет қайраткері, өнертанушы, көркемсөз шебері, қазылар алқасының мүшесі Гүлбала Абуова қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ шара барысында жеребе тасталды.

Айта кетейік, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырып отырған өнер сайысына Шымкент қаласы және Қызылорда облысы, Жамбыл облысы мен Түркістан облысының аудан-қалаларынан 125 үміткер өтінім беріп, 41 үміткер байқауға жолдама алып отыр. Қатысушылар «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасының концерт залында екі күн бойы бақ сынайды.


«Серпінге» өзгерістер енгізілді
Басты мәселе-ауыз су, жарық, газ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу