«Ауыл аманаты»: Түлкібаста құлпынай шаруашылығы өркендейді

Oinet.kz 13-05-2023 218

5.jpg

Түркістан облысында ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы қолға алынды. Жоба аясында Түлкібас ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінде құлпынай шаруашылығын дамыту көзделіп отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аталған жобаның іске асу барысын бақылау мақсатында округке қарасты «Клубничный рай» шаруа қожалығында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Шаруа жалпы 2 гектарға жуық жерге құлпынайдың «Альбион», «Черный принц», «Азия», «Клери» сұрыптарын егіп, мол өнімге қол жеткізуге ниетті. Осы мақсатта «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, кәсібін өрлетуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда өнімдерді сақтайтын қойма құрылысын бастап кеткен. Алғашқы өнімін алып үлгерген кәсіпкер, алдағы уақытта құлпынай келісін 1500 теңгеден саудалауды жоспарлауда. 

Аудан басшысы аталған шаруашылық төрағасымен сұхбаттасып, аудан әкімдігі тарапынан заң аясында барлық қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізіді.

Айта кетейік, биылғы жылы Түлкібас ауданынан мемлекеттік «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына Мичурин және Балықты ауылдық округтері еніп, ауқымды жобалар іске асырылмақ. 


Төлеби ауданы газбен 100 пайыз қамтылады
«Өнерлі өлке»: Кезек Қазығұрт ауданына келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу