Ордабасы: Сапалы жолдың үлесі көбейді

Oinet.kz 07-05-2023 234

10.jpg 

Түркістан облысы Ордабасы ауданында аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 39,1%-дан 73,6%-ға жетсе, ал топырақ жолдардың үлесі 41,2%-дан 35,6%-ға төмендеген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен биыл 23 көше және «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 27 көше орташа жөндеуден өтеді. Нәтижесінде елдімекендердегі ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 60%-ға жетпек. Атап айтқанда, биыл ауданда «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Теспе, Бөген, Жамбыл, Бірлік, Берген, Ынталы, Тоқсансай, Береке, Елшібек батыр, Ынтымақ, Қайнар, Қызылжар, Бейсен, Мақташы ауылдарындағы ішкі көшелер жөндеуден өтеді. 

Бұдан бөлек, Ынтымақ, Жеңіс, Қарақұм, Ақсары, Шұбарсу, Бадам, Ұялыжар, Жеңіс, Қарақұм, Мақташы, Темірлан, Көктөбе, Қызылсеңгір, Қажымұқан, Амангелді, Ынталы, Спатаев ауылдарындағы топырақ жолдарға тас төселмек. 

Ауданда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 29 көше жарықтандырылды. Нәтижесінде аудандағы 140 көшенің жарықтандырылуы 20,6%-ға жетті. 2023 жылы 10 көшені толық жарықтандыру жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, былтыр аймақта автомобиль жолдары бойында 26 бейнебақылау камерасы орнатылса, биыл 18 «Сергек» камерасы орнатылады. 


«Ауыл аманаты» -үлкен мүмкіндік
«Өнерлі өлке»: Бәйдібек ауданының мәдениет күндері басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу