«Кең дала» бағдарламасы бойынша несие берілуде

Oinet.kz 02-05-2023 267

33.jpg

Төлеби ауданында егіс алқаптарында шаруалардың жұмысы қыза түсті. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары көктемгі дала жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Ауданда 2023 жылдың өніміне үй іргелік жерлермен қоса 65636 га жерді игеру жоспарлануда. Атап айтсақ, күздік бидай – 9690 га, жаздық бидай – 4977 га, ноқат – 100 га, арпа – 7305 га, дәндік жүгері – 5 га, майлы дақылдар – 10841 га (оның ішінде: мақсары – 10796 га, күнбағыс – 45 га), ескі жоңышқа – 24569 га, жаңа жоңышқа – 4770 га, картоп – 1296 га (егілгені 15,3 га), көкөніс өнімдері – 1858,3 га болса, егілгені 87 га. Оның ішінде, қазірдің өзінде күздік және жаздық бидай, арпа, дәндік жүгері, майлы дақылдар мен жаңа жоңышқа 100% егілді.

Аудан көлемінде 31152 га жер жыртылып, меже толығымен орындалған. Егістік алқабына қажетті тұқым дер кезінде жеткізілген. Алқаптарды минералды тыңайтқышпен (аммиак селитрасы, карбамид) тыңайту жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс әкімдігінің қаулысы бекітілді. Қаулыға сәйкес, қазіргі таңда шаруалар тікелей «Каз Азот» ЖШС-не өтінім тастап, құжаттарын рәсімдеуде.

Көктемгі дала жұмыстарына 2535 тонна жанармай бөлініп, оны босату бағасы литрына 203 теңгені құрады. Көктемгі дала жұмыстары «Кең дала» бағдарламасы бойынша «Ырыс МҚҰ» ЖШС арқылы 6 агроқұрылым, 44,3 млн. теңге несие (5 пайызбен) алып, кәсіптерін жандандырып отыр.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 2023 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 8 млрд. 534 млн теңгеге жеткен.


Жетісай: Жол сапасына бақылау күшейтілді
Түркістан: Шақпақ елді мекені табиғи газға қосылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу