«Өнерлі өлке»: Фестиваль мақсаты-ұлттық мәдениетті дамыту

Oinet.kz 02-05-2023 310

31.jpg 

Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық фестивалі аясында Отырар ауданының мәдениет күндері өтіп жатыр. 

«Visit Turkistan» орталығы алаңында «Өнерлі өлке – Отырар» атты аудан өнерпаздарының қатысуымен Гала-концерт өтті. 

Мерекелік шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Алдымен Отырар шаһарының сәулетшілері мен қолөнершілері, азулы айтыскерлері, өнерпаздар, Ғұлама әбу-Насыр әл-Фараби бастаған көш келіп, әрі қарай Хадиша Шалабаеваның орындауындағы «Отырардағы той» әнімен жалғасты. Гала-концертте дәстүрлі ән шеруі, күйшілер сайысы, оркестр, мың бұралған бишілер мен вокалды инструменталды ансамбль, халық әндері мен эстрада әндері, т.б.қамтылған.

Кеш соңында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов құттықтау сөз сөйлеп, өнер сайысын ұйымдастырған облыстық әкімдік пен басқармаға және отырарлық өнерпаздарға алғысын білдірді. Сондай-ақ Нұрғиса Мұратұлы әлемнің екінші ұстазы туған киелі топырақтан тек мықтылар шығатынын тілге тиек етіп, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Астана қаласында өтетін апталықта ауданның «Фараб» вокалды инструменталды ансамблін өнер көрсетуге шақырды.

Айта кетейік, руханият көші «Farab» кітапханасында Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Әділхан Мәліктің «Ұлы дала барысы» атты Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған тақырыптық кескіндеме сурет көрмесімен және Отырар халық театрының «Бейбарыс» қойылымымен басталған болатын.

Облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Отырар ауданының мәдениет күндері үш күнге жалғасады. 

Сәуір-шілде айларында өтетін фестиваль мақсаты – ұлттық мәдениет пен өнерімізді дамыту, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасымен жаңа нысандар салынады
Жетісай: Жол сапасына бақылау күшейтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу