Түркістан: Арыста «Республика күні: бірлік пен ынтымақ» атты жиын өтті

Oinet.kz 11-10-2022 356

Республика күніне орай Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарамасы, "Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты Монтайтас жалпы орта мектебі мен М.Әуезов атындағы гимназиясында «Республика күні: бірлік пен ынтымақ» атты іс-шара өтті. 

Screenshot_19.jpg

Жиында «Ұлы дала мұрагерлері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліп, оқушыларға Республика күнінің маңыздылығы түсіндірілді. Шараға қатысқан оқушыларға арнайы тапсырамалар берілді. 

Бұдан бөлек, шара барысында оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге, патриоттық сезімді ояту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тарихы терең Төлебиде ашық аспан астындағы мұражайлар бар
Президенттікке кандидаттарды ұсыну қорытындысы шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу