Аудан әкімі құрылыс нысандарын тексерді

Oinet.kz 16-09-2021 919

Screenshot_7.jpg

Жаз мезгілі мәресіне жақындап, қылышын сүйретіп қыс та келе жатыр. Қыс ауылы әлі алыс көрінгенімен, күн тез салқындайды. Бұл кезде халық жылы ғимараттарға тәуелді бола түседі. Қысқы ызғарда жылы ғимараттарда адамдар жұмыстарын жалғастыра береді. Сондықтан да құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ғимараттар тезірек пайдалануға берілгені абзал. Егер құрылыс жұмыстары қыс мезгілінде қалып кетсе тұрғындарға да, құрылысшыларға да көп қиындық тудырады. 

Осы орайда Қазығұрт ауданы әкімі Арман Абдуллаев кезекті іс-сапарында Қазығұрт, Қызылқия, Қақпақ, Шарбұлақ ауыл округтерінде салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, мұқият тексеріп шықты. 

Қазығұрт елді мекеніндегі жаңадан ашылған Жарық жол және Саябақ коммуналдық мемлекеттік мекемелері ғимаратының, Қызылқия елді мекеніндегі полиция пункті, Қақпақ  ауылының Заңғар, Сырлысай елді мекендерін электрмен жабдықтау,сонымен қатар Шығыс мөлтек ауданына табиғи газ құбырын тарту құрылыстарымен танысты.

Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарды саралай отырып, мердігерлер мен жауапты бөлім басшысына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды. Мердігерлер жұмысты өз уақытында аяқтауға уәде берді. Алдағы уақытта тұрғындар қуанышқа бөленетін күн алыс емес.

Аудан әкімі тұрғындарды сенбілікке бастап шығарды
Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу