Қазығұртта астыққа орақ түсіп, елдімекендерге ауыз су тартылуда
Қазіргі таңда азық-түлік мәселесі ушығып тұр. Әлемдегі саяси жағдайларға байланысты кей елдер аштық зардабын тарта бастады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің күйреуіне әкеліп соғады. Сондықтан да халықты азық-түлікпен қамтасыз ету өте өзекті.
Осы орайда елімізде астық ору науқанына баса мән беріліп отыр. Астық бітік шығып, дер кезінде сапалы орылса тұрғындар азық-түліктен қиындық көрмейді. Бұл ел ішінде тұрақтылықтың дамуына әкеледі.
Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қ. Абдалиев ауыл округіне қарасты Тілеуберді шаруа қожалығының барып, астық түсімін көзімен көрді.
Қазығұрттың шаруалары жаздық бидайды жинауға кірісті. Қазірдің өзінде астық қамбалары бидайға тола бастаған. Өңіріміздің шаруалары былтырғыдай құрғақшылық орын алмады биылғы жылы әр гектардан 20-25 центнерден өнім аламыз деп үміттеніп отыр. Бүгін олар Астыққа орақ түскеніне 2 күннің жүзі енді болса да, өнімнің шығымдылығы шаруалар жағын қуантып тастады. Сабақ бидайға толы дейді ағынан жарыла. Күн де қарасып тұр. Әйтпесе, өткен жылғы қуаңшылық өңірдің жұртын әбден әбіржітіп тастап еді.
Ал Шанақ ауыл әкімдігінен қарасты Ызабұлақ, Шанақ бектінде бұрын-соңды ауыз су болмаған ауылға тіршілік нәрі келді. Екі ауылда енді орталықтандырылған ауыз су жүйесін тәулік бойы тұтынатын болады. Бұл жергілікті тұрғындар қуанышты жаңалық болды деп отыр. Себебі, ауыл халқы жылдар бойы тасымалдап су ішіп келген. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық мәслихат хатшысы Өрісбай Көпеев, аудан әкімінің орынбасары Тәйбек Қалымбетовтер мен ауыл ақсақалдары лентасын қиды. Қазығұртта ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Күрмеуі қиын мәселе мемлекеттік бағдарламалар аясында сәтті жүзеге асырылып жатыр. Елді мекендерге су құбырын тарту жұмыстары жылдан-жылға артуда.
12 шілде күні Тұрбат ауыл округі Өндіріс елді мекенінде жаңа көпір пайдалануға берілді. Көпірдің ашылу рәсіміне аудан әкімі А.Абдуллаев, мәслихат хатшысы Ө.Көпеев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омаров, Социалистік Еңбек Ері Т.Ағабеков және ауыл тұрғындары қатысты.
Өндіріс елді мекені тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Өйткені, Тастақсай өзенінен өтетін көпір кеңес одағы кезінде асарлатып салынған болатын. Әр жылы көктемгі және күзгі су тасқындары салдарынан көпір бұзылып, тұрғындар мен әскери застава қызметкерлері қатты қиналатын. Жаңа көпірдің құрылысына облыстық бюджеттен 178 млн теңге қаралып, құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында басталып, мердігер «ТС-Таукент» ЖШС өз мерзімінде және сапалы аяқтады. Көпірдің ұзындығы 92 метр, ал ені 10,40 метр. Өндіріс елді мекен тұрғындары көптен күткен қуаныштарын бөлісіп, өз ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар, бүгін аудан әкімі Тұрбат елді мекенін сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады.