Қазығұртта шағын және орта бизнес дамып келеді
Шағын және орта кәсіпкерлік - ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі екендігі белгілі. Өңірлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аса маңызды Осы орайда мемлекеттік «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында Қазығұрт аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау орнында өткен комиссия отырысына жалпы 48 адамнан өтініш келіп түсті. Оның 2 еуінде сертификат жоқ, 1 еуі студент, 1еуі мекен жайы бойынша басқа өңірде,2 еуі ешқандай санатқа жатпады. Комиссия отырысына 44 адам кіріп, 37 адам оң шешім алды.
Сөзіміздің дәйегі ретінде айта кетейік, «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында мемлекеттік грнатқа ие болған Абдырахман Руслан Бахтиярұлы 20 жаста, жұмыссыз еді. Мемлекет тарапынан берілген грантты алып қазіргі таңда, кондитерлік цех ашып, жұмысын жүргізуде.
Руслан Бахтиярұлы, тынымсыз еңбек етуде. Клиент іздеп, кәсібін ашу жолында ауыл дүкенін жаяу аралап шықты десек, артық айтқандық емес. «Бір есік жабылса, екінші есік ашылады, мойымау керек» дейді өзі. Осылайша, бүгін аудандағы дүкен мен супермаркеттерге өнімдерін жеткізіп тұруға келісімге келген. Қазіргі күні «Nurzada» деген атауы бар, Русланның өнімдерін аудан тұрғындары танып қалған. Сонымен қатар, онлайн тапсырыс қабылдап, жаста болса өз кәсібін дөңгелетуде.
Бизнес экономикалық дамудың қозғаушы күші, жұмыспен қамту жөнінде маңызды әлеуметтік миссия атқарады, орта таптың негізін және азаматтық қоғамның тірегін құрайды. Сондықтан "AMANAT" партиясы отандық бизнесті жан-жақты дамытуды қолдайды.