Аудан әкімі шаруа қожалық жетекшілерімен кездесті
Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков, егіс даласында Құмкент, Жартытөбе, Созақ, Шолаққорған ауыл округі шаруа қожалық жетекшілерімен кездесті. Жон бойындағы «Бабата-1» ЖШС егістігінде өткен кездесу барысында мал азығының бағасы, жерді тиімді пайдалану жайы сөз болды.
«Бабата-1» ЖШС төрайымы Сәуле Қалдыбекова бүгінде мал азығы жоңыршқа ору науқанын бастады. Нарықтағы бағасыда қол жетімді. Жоңыршқадан бөлек, өз иегілігіндегі жерге, арпа, бидай егіп, оны тиімді бағада сатуды жоспарлап отыр.
Кездесу барысында шаруалар аудан басшысына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Мәселен, игерілмей жатқан жерді мемлекетке қайтарып, тиісті азаматтарға беру жайын көтерді. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыс жүргізілетінін ескерткен аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы, егістік алқаптарын агротехникалық талаптарға сай күтіп-баптау қажеттігіне тоқталды.
Сондай-ақ «Пернебай ата» шаруа қожалығының жұмыс барысымен танысты. Шаруа қожалық төрағасы Ержан Мақұлбеков, алдағы жоба жоспарларымен бөлісті.
Содан соң аудандық мәслихат депутаттары және Қоғамдық кеңес мүшелері де аудандағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылып жатқан бірқатар шаруа қожалықтарында болып, олардың жұмыстармен танысты. Жартытөбе ауыл округіне қарасты «Атамекен» шаруа қожалығының жаңбырлатып суару жұмысымен көрді. Жон бойындағы «Бабата-1» ЖШС егістігінде болып, шаруа қожалық егелерімен кездесті. Жоңыршқа ору науқаны бастаған шаруалар, мал азығының бағасы өткен жылмен салыстырғанда біршама төмендеген және халыққа қолжетімді бағада дейді.
Кездесуде депутаттар тарапынан шаруалардың атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.