Қазығұртта атқарылып жатқан жұмыстар әкімнің тікелей бақылауында
Әрбір ауыл-аймақ тұрғындарына өмір сүруге жайлы жағдай жасау - әкімдердің басты міндеттерінің бірі. Тұрғындарының әл-ауқаты мен тыныс-тіршілігіне қарап, ауданның хал-ахуалын білуге болады.
Осы орайда Қазығұрт ауданының әкімі Арман Айдарұлы аудандағы салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап шықты. Алдымен Қ. Әбдалиев ауыл округіне қарасты 150 орындық «Амангелді» мектебінің құрлысын, содан соң Шанақ ауыл округіндегі 200 орындық мәдениет үйінің құрылыс нысандарын аралап, мұқият қарап шықты. Келесі нысан шалғайдағы Ызабұлақ елді мекеніндегі су құбырының және табиғы газ құрылысын аралады. Содан соң Сарапхана ауыл округіне қарасты Бақабұлақ елді мекенінің таза ауыз су жүйесінің техникалық қызметін бақылады. Аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарды саралай отырып, мердігерлер мен жауапты бөлім басшыларына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды. Сондай-ақ, "Кеме қалған" монументінің айналасына отырғызылған көпжылдық егілген көшеттерді баптап, бақылауды мұқият қадағалауды мамандарға тапсырды.
Арман Айдарұлы Алтынтөбе, Жаңабазар, Жігірген ауыл округтеріндегі бір қатар құрлыс нысандары араланды. Алдымен КХ-47 Сынтас, Қаржан, КХ-29 Сарапхана- Жаңабазар- 1 Мамыр авто жолдардың орта жөнжеу жұмыстарын арала шықты. Жігірген ауыл округіне қарасты "Есжанов", "Шыршықбаев", "Ұйымшыл", "Жамашов", "Ташқұл болыс", "Шақпақ" елді мекендеріндегі ішкі көшелердің орта жөндеу жұмыстары мен 200 орындық мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Мердігер мекемелердің мамандарымен кездескен аудан басшысы мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, әлеуметтік нысандарда жасалып жатқан жұмыстардың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін бақылау басты назарда болатынын жеткізді.
Аудан әкімі кезекті іс-сапарын Алтынтөбе, Жаңабазар және Жігерген ауыл округтеріндегі бірқатар құрлыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Атап айтқанда, КХ-47 «Сынтас-Қаржан» бағытындағы 18 шақырым авто жолдың орташа жөндеу жұмысын, содан соң Алтынтөбе елді мекеніндегі Керімқұлов көшесі және Жаңабазар ауыл округіндегі Баратов көшесіндегі орта жөндеу жұмыс барысын көрді. Сондай-ақ, Жаңаталап елді мекеніндегі Рысымбетұлы көшесіне шағал төсеу жұмысын бақылады. Жігерген елді мекеніндегі «Абай» ЖОМ күрделі жөндеу жұмыстарын аралап шықты.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстарымен мұқият танысқан соң бөлім басшыларына жұмыс сапасына әрі уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.