Оқушыларға теріс діни ағымдар қаупі түсіндірілді
Қазір әлемде діни ахуал өршіп тұр. Дінді дұрыс түсінбегендерің салдарынан бүтіндей бір мемлекеттерде бүлік шығып, халық екіге бөлініп соғысуда. Сондықтан да дін мәселесі өте өзекті. Теріс діни ағымға кетіп, мемлекет тамырына балта шабылмауға жол бермеу аса маңызды. Халқының діни сауаты мол елдің болашағы жарқын болары сөзсіз.
Осы орайда жақында Қазығұрт ауданы, М.Өтемісұлы атындағы Жобб мектебінде 16.09.2021ж жоғары сынып оқушыларымен "Дін және жастар" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысы "Дін мәселелерінің зерттеу орталығы" КММ теолог маманы Тағай Айбек және Қазығұрт аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызметкері Мәлік Болат Бақытжанұлы және мектептің ДТІЖО Б.Қаюпов қатысып, дін туралы өзекті мәселелер қозғады.
Кездесу барысында діни сауаты аздар көбіне теріс діни ағымға түсіп кетіп, болашағына балта шауып жатқаны айтылды. Cондықтан да жастарға әрқашан ізденісте жүру керектігі, кез-келген нәрсеге сыни көзбен қарау керектігі, егер бірдеңе түсініксіз болып жатса өз бетімен шешім қабылдамай, ересек кісілермен, ата-анасымен, мектептегі ұстаздарымен ақылдасу керектігі ескертілді.
Өз кезегінде оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарды қойып нақты жауаптар алды.