Бәйдібек әкімі ауылдық округтерді аралады
29-06-2022
Қариясын ардақтаған елдің болашағы жарқын. Қариясы риза болған елдің көсегесі көгереді. Әрқашан жолы оңғарылып, ісі алға басады. Себебі қарт жүрген жер - берекеге толы болады. Қарт адам жұртқа тек жақсылық тілейді. Оның сөзі дуалы болады. Сондықтан да қарт кісілерді ардақтаған өте маңызды.
Осы орайда Бәйдібек аудандық “ Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Мыңбұлақ ауыл округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Айгүл Жүнісбекова Мыңбұлақ ауылдық округі Мыңбұлақ ауылының тұрғыны Кәлен Дөненбаева апаның үйіне барып қайтты.
Кәлен Дөненбаева 1947 жылы дүниеге келген.Тағдырдың жазуымен небәрі 33 жасында 5 ұлмен жесір қалған апамыз бүгінгі таңда ұлдарын ұяға қондырып, 5 ұлдан 22 немере, 6 шөбере сүйіп отыр. Үлгілі ене, салихалы әже.
Бос уақытында қарап отырмай, құрақ көрпеше тігумен айналысады. Қыз жасауын жасап, кішігірім кәсіпке айналдырып отырған әжеміздің қолынан шыққан дүниелері Қазақстанның түкпір-түкпіріне тапсырыспен жеткізіліп отырады. Сапалы дүниеге сұраныс күн санап артуда. Бір өзі бүкіл ауылды жасаумен қамтып отыр десек те болады.
Осылайша өз отбасына қосымша табыс әкеліп отырған әжемізге сәттілік тілеп, батасын алып қайтты.