Бәйдібек әкімі ауылдық округтерді аралады
29-06-2022
Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 ақпанында бекіткен тұжырымдамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау мақсатында ауданымызға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов, аталған департаментінің Превенция басқармасының аға офицері Гүлжамал Қансеитова, бас маманы Гүлмира Төлегенқызы арнайы жұмыс сапарымен келіп, аудан аумағындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен және үкіметтік емес ұйымдармен, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерімен, құқық қорғау органдары мен кіріс басқармасының қызметкерлерімен, әлеуметтік және санитарлық эпидемиологиялық басқармасының мамандарымен, кәсіпкерлермен және ауыл тұрғындарымен, аудан жастарымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді. Аталған кездесу жиындарына аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақыт Омарбеков қатысты.
Агенттік өкілдері ағымдағы жылдың үш ай қорытындысымен орын алған қылмыстарға тоқталып, әртүрлі саладағы туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық қағидаларын қалыптастыру мәселелері және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, оның алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде баяндама жасап, еркін форматта әңгіме өрбітті. Департаменттің арнайы дайындалған бейнеролигі көрсетілді.
Өз кезегінде Ержан Әліұлы жемқорлықтың алдын алудағы насихаттық жұмыстар оң әсер беретінін, қоғамдық сананы жаңғыртуда адалдық, адамгершілік қағидаттарын сіңіру қажеттігін айрықша атап өтті.
Сонымен қатар, кездесулер барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты жайында ақпарат берілді.
Мемлекеттік қызметшілермен өткен кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков ауданымызға арнайы келіп, қоғамның дертіне айналған сыбайлас-жемқорлықты жоюға бағытталған шараларды насихаттаған Ержан Әліұлы мен топ мүшелеріне алғысын білдіріп, мемлекет мүддесі жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.