Бәйдібек әкімі ауылдық округтерді аралады
29-06-2022
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен әкімдердің тұрғындармен кездесу мерзімдері мен өткізілу форматы өзгертілгені белгілі. Бүгін бекітілген жоспар бойынша Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Бөген ауылдық округі тұрғындарымен Шалдар ауылында кездесті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан электр бағаналары, электр қуатының жетімсіздігі, жер, ұялы байланыс, ағын су мәселелері көтерілді. Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша жеке-жеке жауап беріп, сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына және ауыл әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиында аудан басшысы округ тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, арнайы хаттама түзіліп, әрбір мәселені шешу бойынша жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Ержігіт Шәріпбектің Бөген ауылдық округі тұрғындарымен өткен жиынына аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Сонымен қатар әкім Мыңбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Кездесу жиынында аудан әкімі атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы қысқаша хабарлама жасап, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ауыл тұрғындары тарапынан Қосбұлақ, Мәдениет ауылдарындағы тозығы жеткен электр бағаналары, электр қуатының төмендігі, Ақбұлақ ауылынан балабақша мен мектептерге баратын балаларға тасымалдау ұйымдастыру және медициналық бекет, Мыңбұлақ ауылындағы ортақ жайылым, Мәдениет ауылынан мәдениет үйі салынса, спорт үйірмелері мен жаттықтырушы мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі тиісті мекеме басшыларымен бірге сұрақтарға жауап беріп, кейбір мәселелердің орындалуын бақылауға алып, жұмыс жүргізу жөнінде тиісті орынбасарларына тапсырма берді.
Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім және мекеме басшылары қатысты.