Бәйдібек әкімі ауылдық округтерді аралады

Oinet.kz 29-06-2022 441

Screenshot_20.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жыл көлемінде барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты түрде өткізілетін болады. 

Осы орайда Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес орталық саябақта Шаян ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Кездесу жиынында аудан әкімі Шаян ауылы тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Атап айтқанда Шаяндық тұрғындар орталықтың тазалығы, ағын су, жайылымдық жер, ауыз су, көше бойларына қоқыс тастайтын орындар белгілеу, дүкендердің айналасының тазалығы, ағын су ағатын арықтарға құбырлар қою, балалар аллеясына балалар ойнайтын алаңша салу, ардагерлер үйі ашылса деген мәселелерін жеткізді.

Әрбір тұрғынның қойылған сұрақтарына жеке-жеке жауап берген аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына және ауыл әкіміне мерзімін белгілеп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Кездесу барысында аудан басшысы Шаян ауылы тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, арнайы хаттама түзіліп, әрбір мәселені шешу бойынша жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Сонымен қатар әкім Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. 

Кездесу жиынында аудан әкімі округ тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Атап айтқанда Жамбыл ауылындағы ауыз су, ағын су, балалар ойнайтын алаң мен жаңадан саябақ салу, көше жарығын реттеу, Шыбыт ауылынан жаңадан мектеп пен ФАТ салынса, электр қуатының төмендігі, жаңадан трансформатор орнату, Жүзімдік елді мекеніне тоғанға шлюз қою, тазалау, мектепке баратын жолға тас төсеу, Тасқұдық аулындағы электр бағаналарды ауыстыру, ауыз су, кіре беріс жолды жөндеу     мәселелері көтерілді.

Аудан әкімі тиісті мекеме басшыларымен бірге сұрақтарға жауап беріп, кейбір мәселелердің орындалуын бақылауға алып, жұмыс жүргізу жөнінде тиісті орынбасарларына тапсырма берді.

Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Шұбарсу ауылында кіші кәсіпкерлік сауда саласы қарқынды дамуда
Аудан әкімі Мыңбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу