Аудан орталығында құрылыс жұмыстары басталды
Жаңадан құрылған Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінде құрылыс жұмыстары бастау алды.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2021 жылғы 12 наурыздағы №534 шекараны өзгерту туралы қаулысы негізінде Түркістан облысы аумағынан Сауран ауданының құрылуына байланысты Әкімшілік іскерлік орталық құрылысына жалпы 38 гектар жер бөлінді.
Екі кезеңнен тұратын құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңінде 5 ғимарат, екінші кезекте 4 ғимарат және алдағы жоспарда тағы да басқа ғимараттар салынатын болады.
Бүгінгі таңда аудан орталығындағы әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстары басталды. Аудан әкімі Ғани Құрмашұлы салынып жатқан әкімшілік ғимаратты аралап, құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.
Жаңа ауданның орталығын гүлдендіріп, дамыту мақсатында алдағы уақытта прокуратура, полиция бөлімі, мәдениет үйі, спорт кешені т.б ғимараттардың құрылысы жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен ғимараттардың маңайы гүлдендіріліп, абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі.
Бүгінгі таңда аталған құрылыс жұмыстарына сараптаманың оң қорытындысы алынып, қаржы қаралды.