Оқушыларға дін тақырыбы түсіндірілді

Oinet.kz 15-09-2021 907

Screenshot_14.jpg

Қазір әлемде діни ахуал өршіп тұр. Дінді дұрыс түсінбегендерің салдарынан бүтіндей бір мемлекеттерде бүлік шығып, халық екіге бөлініп соғысуда. Сондықтан да дін мәселесі өте өзекті. Теріс діни ағымға кетіп, мемлекет тамырына балта шабылмауға жол бермеу аса маңызды.

Осы орайда жақында Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен М.Әуезов жалпы орта мектебінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша бітіруші сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Бәйдібек ауданының бас имамы Е.Полатов, Бәйдібек ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Қабыл және Бәйдібек АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция инспекторы полиция лейтенанты Е.Жұман, Е.Бижановтар қатысты. 

Кездесу барысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни ағымдардың қоғамға қаупі, оларды дәстүрлі дін өкілдерінен ажырату жолдары, жастардың керағар діни ағымдарға түсіп кетуінің себептері туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар оқушылар тарапынан білім ордаларында хиджаб кию мәселесі, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, имамдардың қызметі және басқа да діни-рухани сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтарға әр сала тұрғысынан толыққанды жауап берілді. 

Кездесу жоғары деңгейде өтті. Оқушылар да көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Алдағы уақытта да осындай кездесулер ұйымдастырылып тұратын болады.

Ақбастау ауылындағы Достық көшесіне табиғи газ берілді
Бәйдібекте қарт кісіге құрмет көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу