Ақбастау ауылындағы Достық көшесіне табиғи газ берілді

Oinet.kz 17-09-2021 1347

Screenshot_13.jpg

Жаз мезгілі мәресіне жақындап, қылышын сүйретіп қыс та келе жатыр. Қыс ауылы әлі алыс көрінгенімен, күн тез салқындайды. Бұл кезде халық табиғи газға тәуелді бола түседі. Себебі газ болмаса үй ішін жылыта алмай суық тиіп ауырып қалуы әбден мүмкін. Бұл мәселені болдырмас үшін қыс қамын жаз ойлап, шананы қазірден сайлай берген абзал.

Жақында Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылы, Достық көшесінің бір топ тұрғындары осы ауылдың азаматы өзінің басқаруындағы ауыр техникамен аталған көшенің №32 үйдің газ реттегіш жәшігін соғып зиян келтіргенін және жарамсыз күйге түсіріп табиғи газдың сөндірілгендігін хабарлады. 

Мән жайды зерделеу барысында «ҚазТрансГаз» мекемесі газ жүйесіне залал келтірген азамат толық шығынды өтемейінше қоса алмайтындығы және аталған азаматтын әлеуметтік жағдайы оны қалпына келтіруге мумкіндігі жоқ екендігі анықталды.  

Ауа райының салқындауына, азаматтың  әлеуметтік жағдайы, оның көпбалалы отбасының иесі екендігі және сол көшедегі тұрғындардың өтініштері ескеріліп, аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев пен тиісті бөлім басшысы Марат Енжанов шұғыл шешім қабылдап, қалпына келтірілді.

Бүгінгі таңда Ақбастау ауылындағы Достық көшесіне табиғи газ берілді.

Бәйдібектіктер жаппай сенбілікке шықты
Оқушыларға дін тақырыбы түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу