Бәйдібектіктер жаппай сенбілікке шықты

Oinet.kz 18-09-2021 779

Screenshot_11.jpg

Тазалық - денсаулық кепілі. Тазалық болған жерде береке орнап, елдің ырысы артады. Лас жерден бәрі қашады. Таза жер көңіл-күйді көтереді. Сондықтан да айналаны таза ұстау аса маңызды. Тазалықты өскелең ұрпаққа насихаттау өте қажет. Жастайынан тазалықты көріп өскен бала өскенде төңірегін ластамайды. Бұл өз кезегінде экологиялық проблемаларды болдырмайды.

Осы орайда бүгін Бәйдібек ауданы көлемінде барлық елді мекенде жаппай сенбілік өтті. Ауылдық округтер әкімдері өздерінің аймақтарына тазалық жұмыстарын жүргізіп, мекемелер аулалары, көшелер мен алаңдар және облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың бойлары қоқыстардан тазаланды. Бағаналар сырланып, ретсіз өскен талдар бұталды.

Жалпы бүгінгі сенбілік жұмыстарына ауданнан мыңнан аса тұрғын шықты. Жиналған қоқыстарды арнайы орындарға тасымалдайтын 18 техника жұмылдырылды.

Screenshot_12.jpg

Сонымен қатар аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Түркістан қаласында Бәйдібек ауданына бекітілген N3  секторды  аралап, көгалдандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аралау барысында сала бойынша орынбасары Бағдатбек Жанғазивке және жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді. 

Бекітілген №3 секторда көгалдандыру бойынша тазалау жұмыстары жүргізіліп, отырғызылған көшеттер суғарылып, газон егілді.

Бәйдібек ауданы Сауран ауданына тарту жасады
Ақбастау ауылындағы Достық көшесіне табиғи газ берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу