Бәйдібек әкімі ауылдық округтерді аралады
29-06-2022
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Сауран ауданы құрылған болатын, жаңа ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі де құрылып, өз жұмысын бастады. Осыған орай Облыстық "Жастар ресурстық орталығының" бастамасымен, жаңа ауданның құрылуына орай қала, аудан жастар орталықтарының "Сауранға тарту" жобасы қолға алынған болатын.
Осы жоба аясында жақында Бәйдібек аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Азамат Жұмаділовтің заманауи лазерден жасалатын қол өнер көрмесін және Өтелбай Яссауидиннің көркем сурет көрмесін алып барды,арнайы шара барысында көне Сауранның бейнесін салып, тарту жасады. Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы бәйдібектіктерді арнайы күтіп алып, алғы сөзін айтып, жоғары бағасын берді. Түркістан облысындағы аудандар арасындағы бірлік - өңір имиджін көтеруде, халықтың әл-ауқатын арттыруда зор рөл ойнайды. "Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп" демекші, аудандар арасындағы бірліктің халыққа берер пайдасы көп. Қос аудан арасында сауда-саттық, алыс-беріс, барыс-келіс орнаса екі ортада нәпақасын табатын азаматтар да көбейеді.
Шараның мақсаты аудан жастарын ЖРО-ның жұмысымен таныстыру, жастар үшін тиімділігін түсіндіру, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттап, талантты жастарды қолдау болып табылады.