Аудан әкімі тиісті тапсырмаларды берді

Oinet.kz 07-09-2021 502

Screenshot_4.jpg

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. 

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес 2021 жылдың 1 қыркүйегіне бюджеттің атқарылуы, 2021-2022» жылғы ауданы аумағындағы мал қыстату науқанына қажетті мал азығымен қамтамасыз ету барысы, аудандық электр жүйесінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері елді мекендерді үздіксіз электр жарығымен қамту барысы мен инвестициялық жоспардың орындалуы, Боралдай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 айда атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері, аудан аумағындағы елді мекендердегі санитарлық-тазалық жұмыстары туралы мәселелер қаралып, тиісті бөлім, мекеме басшыларының хабарламалары тыңдалды. 

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков берілген жоспарлы тапсырмалардың орындалуына тоқталып, ауылдық округі әкімдері мен мекеме, бөлім басшыларына нәтижелі жұмыс жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. 

Жиында аудан басшысы санитарлық тазалық жұмыстары күн тәртібінен түспейтінін айтып, елді мекен ішіндегі көше бойларындағы құрылыс материалдарын ретке келтіру, қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ең басты мақсат - халыққа сапалы қызмет жасау. Әкімдік тарапынан ел игілігі үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп, аудан тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету керектігін еске салды.

Шалдар ауылында екі көше жөндеуден өтуде
Бәйдібек ауданы Сауран ауданына тарту жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу