Шалдар ауылында екі көше жөндеуден өтуде

Oinet.kz 07-09-2021 509

Screenshot_3.jpg

Халыққа жайлы жағдай жасау өте маңызды. Халық қолайлы ортада өмір сүрсе еңбек өнімділігі артады. Әлеуметтік мәселелер оң шешімін табады.

Осыған орай Бәйдібек ауданы, Бөген ауылдық округінің орталығы Шалдар ауылындағы 3,85 шақырымды құрайтын екі көшеге жаңадан асфальт төсеу, аяқ жолдар салу, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұған «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Қазіргі таңда аяқ жол салу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Жарықтандыру үшін бағаналарды орнататын тұғырлардың бетоны құйылуда. Асфальт төсеу үшін екі көшенің жолдары тегістеліп, тас төсеу жұмыстары жүруде. 

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдарды жөндеу, жарықтандыру, аяқ жол салу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға Шалдар ауылының тұрғындары өте риза. Себебі аяқ жолдар мен ішкі көшелердегі асфальт жолдардың тозығы жеткен болатын. Қыс пен көктем және күз мезгілдерінде оқушылардың мектепке баруы қиындық туғызатын еді. Енді таза жолмен қатынайтын болады деп қуануда. 

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Шалдар ауылындағы атқарылып жатқан жұмыстарды «ALTAI STROY GROUP» ЖШС-гі жүргізуде. Мердігер мекеменің басшысы бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беруді жоспарлауда. 

​Тозығы жеткен электр бағаналары кезең-кезеңімен ауыстырылады
Аудан әкімі тиісті тапсырмаларды берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу