​Тозығы жеткен электр бағаналары кезең-кезеңімен ауыстырылады

Oinet.kz 08-09-2021 806

Screenshot_13.jpg

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің  2010-2023 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес Бәйдібек аудандық электр жүйесі теңгеріміндегі тозығы жете бастаған электр желілері мен қосалқы трансформатор подстанцияларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.                                                           

Бекітілген инвестициалық бағдарламаға сәйкес аудандағы Алғабас  ауылдық  округіне қарасты Танатар, Қазата  елді мекендеріне 35/10кВ «Шаян» подстанциясынан  тартылған  10кВ «Қапшағай»  фидерінде   ұзындығы 13,206 шақырым 10кВ әуе желілері жүргізіліп, 318  дана темірбетон бағаналары ауыстырылған. Қазата  елді мекеніндегі  ұзындығы 3,480 шақырым 0,4кВ әуе желілері мен  ағаш  бағаналары  толығымен  темірбетон  бағаналарға ауыстырылып, қосымша  1 дана  қуаты  100кВа  КТП-10/0,4кВ қосалқы трансформатор подстанциясы орнатылды.

2021 жылдың соңына дейін аталған инвестициялық бағдарламаға сәйкес Бәйдібек аудандық электр жүйесінде жоспарланып,  атқарылатын бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Олар Борлысай  ауылдық округіне қарасты Қошқарата, Кенсай елді мекендеріне  35/6кВ «Актас» подстанциясынан  тартылған 6 кВ «Михайловка» фидерінде ұзындығы 9,72 шақырым  6кВ  әуе желілері жүргізіліп, 187  дана темірбетон бағаналары орнатылады. Аталған ауылдық округке қарасты Шұқыршақ  елді мекеніне 35/6кВ «Актас» подстанциясынан тартылған  6 кВ «Шұқыршақ»  фидерінде ұзындығы 6,56 шақырым 6кВ  әуе желілері жүргізіліп, 130  дана темірбетон  бағаналары  қойылады.

Сонымен қатар Алғабас ауылдық округіне қарасты Қазата  елді мекенінде ұзындығы 2,5 шақырым 0,4кВ әуе желілері мен 83 дана ағаш  бағаналары толығымен темірбетон бағаналарға жаңартылады.

Боралдай ауылдық округіне қарасты Түйетас  елді мекенінде ұзындығы 2,530 шақырым 0,4кВ әуе желілері мен 73 дана ағаш бағаналары  толығымен  темірбетон  бағаналарға  ауыстырылады.

Аудан бойынша жалпы  қуаты 360кВа 3 дана КТП-10-6/0,4кВ қосалқы трансформатор подстанциялары ауыстырылып, трансформаторлардың  жалпы қуаты 750кВа артады. 

Қазіргі таңда аталған жұмыстарды атқару үшін Бәйдібек аудандық электр жүйесі мекемесінің қоймасына қажетті материалдар келіп түсті. Осы жылдың қыркүйек-қазан айларында ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Жалпы алдағы уақытта «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің  2010-2023 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасына сәйкес Бәйдібек ауданындағы барлық елді мекендегі тозығы жеткен электр желілері мен бағаналары кезең-кезеңмен ауыстырылатын болады.

Мәжіліс депутаты Бәйдібекке іс-сапармен келді
Шалдар ауылында екі көше жөндеуден өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу