Мәжіліс депутаты Бәйдібекке іс-сапармен келді

Oinet.kz 09-09-2021 791

Screenshot_12.jpg

Ауыл-аймақтағы жағдаймен танысып, оны Үкімет назарына ұсынып отыру - Халық қалаулыларының басты міндеті. Халық атынан сайланған депутаттар ел игілігі үшін жұмыс істегені абзал. Себебі елге қызмет - депутатқа жүктелген міндет. Аманат десек болады. Халық аманатын арқалаған депутат елінің әлеуметтік-экономикалық ахуалының артуына өз үлесін қосады.

Осы орайда бүгін Бәйдібек ауданына Парламенті мәжілісінің депутаты, Республикалық Білім және ғылымды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрайымы Жұлдыз Сүлейменова келіп, күрделі жөндеуді қажет ететін Есіркеп батыр ЖОМ мен құрылысы жүріп жатқан Досан НОМ  болды.

Сондай-ақ, білім және спорт саласындағы мәселелерді көтеріп жүрген  Ағыбет ауылының тұрғыны Бақытжан Жұмаділлаевпен кездесті. Олар аудандағы маңызды мәселелерді талқылау, шешу жолдарын қарастырды. Аудан тұрғына депутатқа мәселені шешуге қатысты өз ұсыныстарын айтты. Депутат оны жоғары мінберде көтеретінін айтты.

Мәжіліс депутатына білім және спорт саласындағы мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, Ағыбет ауылының тұрғыны Бақытжан Жұмаділлаев және мектеп басшылары өз ұсыныстарын білдірді.

Жұлдыз Досбергенқызы аталған ұсыныс пікірлердің назарға алынғанын, алдағы уақытта бар мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмыс жүргізетіндігін айтты.

Тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылады
​Тозығы жеткен электр бағаналары кезең-кезеңімен ауыстырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу