Бәйдібек әкімі ауылдық округтерді аралады
29-06-2022
Халыққа ең бірінші кезекте - ауыз су керек. Ауыз су болмаса ауыл тұрғындары қиналып қалады. Су - тіршілік көзі. Су арқылы ас-ауқат әзірлеп, кір-қоңын жуады. Түрлі тұрмыстық қажеттіліктерін өтейді. Су болмаса тіршілік те тоқтайды. Сондықтан да халықты судан тарықтырмау аса маңызды. Тұрғындарға ауыз су үйлеріне күнделікті жетіп тұруы керек.
Осы орайда бүгін Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев Шаян ауылының ауыз су құрылысын жүргізетін мердігер «Сапа құрылыс-2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен техникалық және авторлық қадағалау мекемесінің басшыларымен кездесті. Кездесуде екі жақты дайындық жұмыстары талқыланып, құрылыстың басталу уақыты белгіленді. Бағдатбек Пердебайұлы мердігер мекеменің басшыларына құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.
Шаян ауылының төрт жерінен жер асты ұңғымасы қазылып, су жинау мұнарасы орнатылады. Сонымен қатар көшелердің барлық су құбырлары жаңартылып, реконструкциядан өтеді.
Айта кетерлік жайт өндірістік кестеге сәйкес бүгінен бастап ауыз суға байланысты қажетті құжаттарды рәсімдеу, құрылыс материалдарын тасымалдау және басқа да жоспарлы жұмыстар басталады. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары біткен соң ауыл тұрғындары қте сапалы ауыз суды тұтынатын болады.