Қазығұртта кәсіпкерлікпен айналысушылар көбеюде

Oinet.kz 29-04-2020

Бүгінде елімізде "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асуда. Аталған бағдарлама аясында жеке кәсібін ашып, өз ісін бастаған жандардың қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді. 

9799986e-85b9-4f77-a386-a0c175bad4a3.jpg

Қазығұрт ауданында «Еңбек» бағдарламасының жас кәсіпкер жобасы бойынша өткен жылы 354 азамат 505 000 теңге көлемінде грант алған. Үш ай бойы білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырған олар жеке бизнесін бастап отыр. Олардың арасында көп балалы аналар, жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар.

Мәселен, көп балалы Салтанат Әшімова сән салонын іске қосты. 

- Әйел азаматшалар әрдайым әдемі болып жүреді. Әрі той, жиындарға  тырнағын түземей бармайды. Қазір сол қыз –келіншектеге қызмет етіп жатырмыз. Жұмысым өзіме ұнайды. Күнделікті табысымда отбасыма жетеді. Қолдап, қаржы беріп, бағыт бағдар сілтеп отырған ел үкіметіне рахметімді айтамын - дейді ол.

Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес бойынша өткен жылы 32 жоба жүзеге асып, 195 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Одан бөлек, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 268 отбасы 6 пайыздық шағын несие алып, шаштараз, әсемдік салоны, дүкен, асхана секілді әлемуеттік нысандар ашып, жұмыс жасап жатыр.

120 тонна қырықабатты тегін таратып берді
Еліміз бұл қиындықты бірге еңсереді!

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×