120 тонна қырықабатты тегін таратып берді

Oinet.kz 29-04-2020

Screenshot_2.png

Жаны жомарт жандардың құт мекені саналатын диқаншылардың мекені – Жетісай ауданының кәсіпкерлері тағы да бір сауапты іс жасады. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарына қолұшын созуды мақсат еткен жеке кәсіпкер Көбейбек Алиев биылғы егістігінің бірінші өнімін толығымен қайырымдылыққа арнап отыр. Бұл туралы жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жылына бір жерден екі рет өнім алатын кәсіпкер-диқан бірінші өнімнен жиналған 120 тонна қырыққабатты аудан, облыс көлемінде тегін таратуды жөн көріпті. Қырыққабаттың алғашқы 15 тоннасы көршілес Шардара ауданына жіберілсе, 15 тоннасы Жетісай ауданының тұрғындарына тегін таратылды. Бұдан бөлек, кәсіпкер сұраныс түскен өзге аудандарды да тегін қырыққабатпен қамтамасыз етуді ниет етіп отыр. Көбейбек Алиев бұған дейін де аудандағы қайырымдылық шараларынан шет қалып көрген емес.

«Біздің ауданда Елбасымыз, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен республика аумағында жүзеге асырылып жатқан «BizBirgemiz» акциясына қолдау білдіріп, демеушілік жасаушы азаматтарымыздың қатары күн санап артып келеді. Жомарт жандардың бірі қаржылай, енді бірі азық-түлікпен, ал өзгелері гигиеналық заттармен бір сөзбен айтқанда, әркім өз шама-шарқынша көмек беруде",- дейді «NurOtan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов.

Төтенше жағдай жарияланғалы бері «NurOtan» партиясы Жетісай аудандық филиалы ауданындағы түрлі деңгейдегі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға көмек беру ісі күн тәртібінен түсірген емес. Бұл іс алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.


Түркістанда екі жүзден астам көлік онлайн тіркелді
Қазығұртта кәсіпкерлікпен айналысушылар көбеюде


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×