Еліміз бұл қиындықты бірге еңсереді!

Oinet.kz 29-04-2020 825

Screenshot_3.png

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде халық қалаулылары, елге танымал азаматтар, өнер жұлдыздары  жұртшылықты сабырға, түсіністіке шақыруда. Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сарсекбаев та жуырда мақтаралдықтарға үндеу арнады. 

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 27 сәуірі күні мәлімдеме жасады. Онда еліміздегі төтенше жағдай кезеңіндегі карантин режимінің мерзімі 2020 жылғы 11 мамырға дейін ұзартылатындығы айтылды.

Мұндай қадамға еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге ала отырып, «Еліміздегі пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет» дей отырып әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ деді мемлекет басшысы. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде жұмысы тоқтап қалған жеке кәсіпкерлерге және тағыда басқа азаматтарға қолдаулар болатындығы және төтенше жағдай кезеңінде ешкімде ескерусіз қалмайдындығы түсіндірілді.

Қасым-Жомарт Кемелұлының жасаған мәлімдемесіне орай түрлі саясаткерлер, экономистер, көпшілік бұқара қауымы жоғары баға беріп өз пікірлерін білдірді. Мақтааралдық халық қалаулылары да мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 сәуірдегі жасаған мәлімдемесін терең қабылдай отырып, мемлекет басшысының мәлімдемесін толық қолдайды және еліміз бұл қиындықты да бірге еңсереді деп сенеді.

Біз біргеміз!..-делінген хатшының халыққа арнаған үндеуінде. 




Қазығұртта кәсіпкерлікпен айналысушылар көбеюде
Кәсіпкер дистанциялық термометрді сыйға тартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу