Сусыз өнім алу технологиясы биыл 500 гектарга ендіріледі

Oinet.kz 20-03-2020 933

дарбыз.jpg

Түркістан облысында су жоқ жерде де израйльдік технологиямен өнім алу пилоттық жобасы жүзеге асуда. Былтыр Ордабасы ауданында Тоқсансай елді мекенінде 120 гектарға егілген қарбыз өз нәтижесін берді. Биыл Ауыл шаруашылығы басқармасы оның көлемін 500 гектарға жеткізуді жоспарлап отыр. 

– Облыста мақсары, бидай егіліп жүрген сусыз тәлімі жерлер көп. Біз израйльдік технологиямен сусыз өнім алу жобасын сол жерлерге ауыспалы егіс ретінде ұсынып отырмыз. Бақша дақылынан кейін егілген бидай, мақсарының өте жоғары өнімділігіне қол жеткізуге болады. Бұл ғылыми өндірісте дәлелденген. Жерді демалдырам деп ешнәрсе екпей қалдырғаннан гөрі шаруалардың басқа да шығындарын жауып, табысқа кенелуіне мүмкіндік беретін бұл жоба біздің тың бастамаларымыздың бірі, – деді Нұрбек Бадырақов RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістандағы тілшісіне.

Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар ауыл шаруашылығы өнімдерін арттырып қана қоймай облыстың экономикалық әлеуетін де жақсартатады. Игі істер еңбекқор елдің маңдай терімен тапқан табысын еселейді. 



Канал бетондалса, кәсіпкерлер судан тапшылық көрмейді
Келестің кәсіпкері балдың 10 түрін өндіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу