Туризм – Түркістан облысын дамытатын төрт бағыттың бірі

Oinet.kz 12-03-2020 919

туркестан.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өткен жылда атқарылған жұмыстарының есебінде айтылғандай, өңірді дамытудың төрт аса маңызды бағытына басымдық беріліп келеді. Соны бірі – туристік әлеуетті ауқымды жүзеге асыру.

Тарихи туризмнің алтын бесігіне айналған Түркістан шаһары отандық та, шетелдік те туристердің арасында аса танымал. Облыста туризмнің әлеуеті аса зор. Ежелден рухани астана ретінде саналып келген Түркістан жылына бір миллионнан астам туристі қабылдауға қауқарлы. 

Облыста орналасқан және ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Отырар ауданында орналасқан ежелгі қалалар Отырар мен Сауран, Арыстан баб кесенесі, Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері, Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірі, Түлкібас ауданының теңдессіз табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі саяхатшыларды әсемдігімен тамсандырады.

Қазақстан Республикасында 2023 жылға дейін туристік индустрияны дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының жобасына сәйкес, облыс «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» кластеріне енгізілген. Түркістан қаласы кластердің негізгі нысаны ретінде айқындалған. Облысқа келетін туристер ағымы жылдан-жылға арта түсуде. 



Мемлекеттік мекемелер цифрландыру бағдарламасы аясында қашықтықтан қызмет көрсетеді
Түркістан облысы азық-түлік өндіруде көш бастап тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу