Кәсіпкерлерді қолдау үшін салықтық жеңілдіктер қабылданады

Oinet.kz 03-04-2020 645

d7eaa64d1fa2525aa3d6e63854e7d8c0_XL.jpg

Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында кәсіпкерлерді қолдау үшін салықтық жеңілдіктер қабылданғанын айтты. Олар экономиканың түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде: сауда, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй және туристік бизнес, сондай-ақ қызмет көрсету секторының басқа да салалары бар. Салықтан босату және мөлшерлемелерді төмендету түрлі мерзімге және 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісіне қолданылады.

Әлеуметтік төлемдерді алушылардың қатары артады, оның ішінде жұмысынан айырылған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз кейбір топтары бар. Шамамен 3 млн қазақстандық 42500 теңге мөлшерінде төлемақы алатын болады.

Көп балалы отбасыларға, жұмыссыздарға тұрақты негізде тұрмыстық азық-түлік жиынтығы тегін берілетін болады. Бұл шарамен 800 мыңнан аса адам қамтылады.

Үкімет басшысы әкімдерге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа Жұмыспен қамту жол картасын уақытылы әрі тиімді іске асыруды, әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерін төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етіліп, уақытылы орындалатын болады», — деді А. Мамин.

Жиында өңірлердегі ахуал және жұмыспен қамтуды қолдау шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Алматы және Түркістан облыстарының әкімдері А. Баталов пен Ө. Шөкеев баяндады. Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай кезінде өңірдегі кәсіпкерлерді, жұмыссыз қалған азаматтарды әлеуметтік қолдауға қатысты қолға алынған бірқатар шараларға тоқталды.  


Жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі
Көшелер дезинфекциялануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу