Жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі
Үкімет жетекшісі Асқар Маминнің төрағалымен өткен селекторлық отырыста Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2020 жылға арналған республикалық бюджеті, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 31 наурыздағы тапсырмаларын іске асыру аясындағы дағдарысқа қарсы шаралардың қосымша топтамасы қаралды. Осы жиында жұмыспен қамтуды қолдау шаралары туралы баяндаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы арқылы облысқа 497 инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көзделген. Соның нәтижесінде 22 мыңнан астам жұмыс орындары ашылатыны болжамданды, облыстың жұмыссыз халқының кемінде 50% - ын жұмысқа орналастыру күтілуде. Және төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау ретінде ең төменгі жалақы мөлшерінде (42500 теңге) әлеуметтік төлемдерді жүргізу жұмыстары басталды.
Басты назарда әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау. Облыстағы барлық осал топтағы азаматтарға талдау жұмыстары жүргізілді, әсіресе аз қамтылған отбасылар, мүгедектер,зейнеткерлер ерекше бақылауға алынды.
Қолдау шаралардың бірі ретінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарымен қамтылды. Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен ең төменгі зейнетақы алатын мүгедектер, зейнеткерлер, жетім балалар, қарияларымызды қолдау үшін "Біргеміз" қоры құрылды. Бұл жұмыстар «Нұр Отан» партиясымен жүзеге асырылатын болады. Бұдан бөлек, жалпы өңірде көктемгі дала жұмыстарына 70 мыңнан астам тұрғындар тұрақты және маусымдық негізде жұмыспен қамтылуда. Қиын жағдайда халыққа көрсетілетін барлық бастамаларды қолдай келе, жұмыспен қамту шаралары өз нәтижесін көрсетпек.