Көшелер дезинфекциялануда

Oinet.kz 03-04-2020 585

5e86ad3ac87a3.jpg


Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында коронавирус пандемиясымен күрес шаралары күшейтілді. Аталған індеттің тарауына тосқауыл қою мақсатында Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласының орталық Төлеби көшесі толық дезинфекцияланды. Ал, қалған үлкен көшелер мен ауылдық округтерде белгіленген кестеге сәйкес жүргізілетін болады. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Залалсыздандыру жасағы төтенше жағдай бөлімі мамандары мен мектептердің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінен құрылып, 40 ранцты аппаратпен және арнайы киімдермен қамтамасыз етілді.

Бұл жасақтан бөлек арнайы мамандандырылған мекемелер аудан бойынша 91 көп қабатты үйлердің аулаларын мен дәліздерін, ойын алаңдарын және орталық көшелердегі 24 аялдамада толығымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аудан тұрғындарынан маскалық режим мен сақтық шараларын қатаң сақтауды сұраймыз.

Облыста бүгінгі күні коронавирус індетін жұқтырған науқастардың саны 11-ге жетті. Эпидемиолог мамандар тарапынан ауру ошақтарында залалсыздандыру, байланыста болғандарды табу және оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауру анықталған ошақтарға дезинфекция, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласынан арнайы мамандардан құрылған мобильді топтар жасақталып, жіберілді


Кәсіпкерлерді қолдау үшін салықтық жеңілдіктер қабылданады
Оқшаулау жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу