Дос Көшім Жанболат Мамайдың өтірікші, жалақор екенін айтты

Oinet.kz 18-02-2022 4866

Жыл басында орын алған оқиғадан халық есеңгіреп қалды. «Қаңтар қасіретінде» қаза болғандарды еске алу үшін Алматыдағы Республика алаңында митинг өтті. Жиналғандар «Халық террорист емес» деп жазылған пллакат ұстаған. Саясат сахнасындағы қазіргі беталыс туралы не айтуға болады? Осы орайда саясаттанушы Oinet.kz тілшісі Дос Көшіммен әңгімелесіп, біршама жайттарға  талдау жасаған еді. 

Screenshot_3.jpg

– Сіздің билікпен алдын ала жасасып қойған келісіміңіз бар ма? Оппозиция өкілдері туралы әңгіме болғанда  «биліктің адамы» деген сөз көп айтылады.  Қалай ойлайсыз, Тұяқбаевтың, Бәйменовтың келісімі болды ма? Жанболат Мамай туралы не айтасыз?

– Билікте бір күн болмаған және билікке ешқашан бармаймын деген адам билік үшін қауіпті болып саналмайды, онымен «алдын ала келісім» де жасалмайды. Ал оппозиция өкілдеріне келсек, олардың билікпен келісімі болды ма, жоқ па, ол жағы мені мүлдем қызықтырмайды. Әңгіме, кезінде олардың сол билікке қызмет жасағандығында шығар. Өзінің тобын тастап, басқа топқа қосылғандарды ешкім жақсы көрмейді және сене де бермейді. Егер олар қызмет жасай жүріп, өздерінің жүрек қалауымен билікке қарсы шықса, бір мәселе, ал қызметтен кеткеннен кейін, не кетуге тура келгеннен соң оппозицияға келіп, ту көтеру – ыңғайсыз сезім қалдырады. 

Жанболаттың бір жалғандығын, өтірік айтып, жала жабуын көргеннен соң, көңілім қалды. Екіншіден, оның тобы күрестің жаңа бір жолын, тиімді тәсілдерін көрсете алмады, бұрынғы таптауырын болған тәсілден аса алмай жүр. Демек нәтиже де бұрынғыдай болмақ. 

Нәзира Байырбек, журналист: Мен үшін әр кейіпкерім – ұстаз
«Тоқаев өзіне ескерткіш қоймайды» - Дос Көшім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу