Абай Бегейдің үлкен қызы әкесінің туыстарымен неге араласпайды?

Oinet.kz 20-09-2019 4824

Screenshot_14.jpg

Әнші Абай Бегей үйленгеннен кейін үлкен қызымен араласпай кеткен. Бірақ уақыт өте келе қызының кешірімін алыпты. Дегенмен Ерке ішінде әлі де реніш бар екенін жасырмады, деп хабарлайды «Еуразия» арнасына  сілтеме жасаған Stan.kz

«Ол кезде жағдай қиын еді. Балаларды әдейі Ақтауға апарып тастадым. Олардың білгенін қаламадым. Оның алдында да біраз әңгіме болған. Балалар кішкентай, қарайласатын адам қажет. Әйтпесе менің қуаныштан үйленген ештеңем жоқ», – дейді Абай Бегей.

Әкелерінің үйленіп жатқанын қыздары өздерінің достары арқылы білген. Ал оны естігеннен кейін Абайдың үлкен қызы Ерке әкесімен екі жыл араласпай кеткен. 

«Бізді қызғаныш осындай жағдайға жеткізді. Дәл сол оқиғада сырттан ақыл айтушылар көбейіп кетті. Қызыма біреулер басқаша нәрсе айтқан. Нағашыларына басқа, маған бөлек әңгіме айтқандар болды. Сөйтіп қызғаншақтық, өзімшілдік ара-қатынасымызды бұзды. Балаларыма басында үйленетінімді айтқанда барлығы маған қарсы болды», – дейді Абай Бегей.

Ал Ерке болса, сіңлілеріне жақсы қарап отырған Фаризаға алғысын білдіргеннен басқа ештеңе айтпайтынын жеткізді. 

«Ол кісі қыздарға жақсы қарап отыр. Рахметімді айтамын. Әкем менен арнайы рұқсат алып үйленген кезінде менің оған қойған бірінші талабым сол болды. Екі қызға алаңдап жүрегім ауыратын. Ал ер балаға көп уайымдамаймын. Араласпай кеткеннен кейін бір күні «Сіңлілерімді, інімді көрмей, әкемнің хал-жағдайын сұрамай не істеп жүрмін» деп ойландым. Оның алдында тек қиналып, айтқан сөзімнен қайтпай жүр едім. Қырсық мінезім әкеме ұқсаған. Ол да мен де қайтпаймыз алған бетімізден. Содан туған күнімде әкеме хат жазып, кешірім сұрадым», – дейді Ерке Абайқызы.

Бірақ Ерке өзінің ішінде әлі де реніш барын жасырмады. Өйткені әкесі жағындағылар оған хабарласпай кеткен. Ол туғандарынан емес, нағашыларынан ғана қолдау көреді екен. 

Меруерт Түсіпбаева: «Пендеміз. Періште аспанда ғана»
Уәлибек Әбдрайімов: «Қайраттың анасы менің концертіме шығу үшін сахнамыздың билетін сататын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу