Меруерт Түсіпбаева: «Пендеміз. Періште аспанда ғана»
Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева күні кеше өнердегі сіңлісі Жанар Хамитованың жерлеу рәсіміне қатысып келді. Эстрада жұлдызы сахнаға 11 жылдан кейін оралып, артынша өмірін өлімге қиған "Арнаудың" бұрынғы солисін ақтық сапарға аттандырған деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Oinet.kz
Жанарды жер қойнына тапсырып келген Меруерт Түсіпбаева Instagram желісінде өмірге қатысты жазба жариялап, аса маңызды тақырыптарда жан сырын ақтарды.
"Жанарды аттандырып, мең-зең болып, үйге келдім. Пендеміз. Періште аспанда ғана. Таласып-тармасып, көштен қалмайық деп тырысамыз.
Бір күні... Камзолдай қысқа пішілген ғұмырымыз үзіліп, бір уыс болып, ақ кебінге оранып кете барамыз. Жиған-терген, дүние-боқ қалады.
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа, Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа. Адамды сүй, алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде онан басқа" , - деп жазған ол.