Жүсіп Ақшора: «Сахнаға ішіп шыққан кездерім болған»

Oinet.kz 19-09-2019 1543

Screenshot_6.jpg

Актер Жүсіп Ақшора сахнаға ішімдік ішіп шыққан кезі болғанын мойындады, деп хабарлады TalkLike бағдарламасына сілтеме жасаған Oinet.kz.

"Ішпедік деп айта алмаймын, іштік қой. Бірақ сахнаға ішіп шығуға болмайды. Той-томалақта, достарыңмен кездескенде болады. Сахнаға ішіп шығуға болмайды, өйткені жинақылығыңнан айырылып қаласың. Бір әңгімең екіншісіне үйлеспей, халық мынадан қашан құтыламыз деп отырады", - дейді Жүсіп Ақшора. 

"Сенде жылдамдық болмайды. Нақты нәрселерді айтып, әңгімені үйлестіре алмай қаласың. "Ақсақ қой түстен кейін маңырайды" деп, айтар сөзіңді кешігіп жеткізетін болсаң, өтпей қалады. Талай тексеріп көргенбіз ғой. Бастан өткен, олай істеуге болмайтынын білгенбіз ғой", - дейді Жүсіп Ақшора. 

Айжан Нұрмағанбетова: «Менде қасиет бар. Арнайы көріпкелдік байқауына да қатысқанмын»
Меруерт Түсіпбаева: «Пендеміз. Періште аспанда ғана»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу