Шаншар әзіл-сықақ театрының актрисасы өзінен жас жігітке тұрмысқа шықты
Шаншар әзіл-сықақ театрының актрисасы Күннұр Қалмырзаева өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шықты. Актриса сүйген жарын көпшілікке жария етті.
Актрисаның өзі желіде жолдасы екеуінің суретін жариялап, сезімін білдіріп тұрады. Айтуынша, жолдасы көпшілік көзіне түскенді ұната бермейді.
“Бізге 1 жыл. Махаббат жасқа қарамайды. Жақсы көріңіз, сүйіңіз, сүйікті болыңыз, еркелеңіз, еркелетіңіз. Ол сіздің адамыңыз. Ұрысып қалсаңыз да өз адамыңыз. Қайта татуласуға асығып тұрасыз. Араңыз алшақтап кеткендей жақындауға асығасыз. Сырласыңыз, демеу болыңыз, онымен бірге не болса соны да армандап қиялдаңыз. Жалықпаңыз, қызмет жасаңыз, разылығын алыңыз. Себебі сіздің бірден бір жұмаққа деген үмітіңіз еріңіздің разылығында”, – деп жазды Күннұр Қалмырзаева.
Айта кетейік, Күннұр Қалмырзаева 1979 жылы Арыс қаласында өмірге келген. Түркістанда өнер факультетін тәмамдаған. Отандық бірнеше фильмдер мен сериалдарда ойнады. Айша есімді қызы бар.