​«Қарапайым қыздар автобуспен жүреді, тістері қисық» дейді - Диана Қырықбай

Oinet.kz 11-05-2022 6768

Диана Қырықбай өзіне хат жазатын жігіттер жайлы ашық айтты. Тележүргізуші тек ай сайын күтіміне 2 миллион теңге кететінін мойындайды. Ал одан бөлек өмір сүру үшін біршама қаражат керек жұмсайды. Оқырмандардың кейбірі тележүргізушінің пікірімен келіспейді.

Screenshot_19.jpg

Бұл туралы Диана Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты. 

“Бір жігіт хат жазыпты. “Сіз маған ұнайсыз. Жалақым 200 мың теңге. Бірақ сізге махаббатымды ғана бере аламын” дейді. Айналайын-ау, 200 мың теңгемен қалай өмір сүруге болады? Менің бет күтімімнің өзі 2 миллион теңге тұрмай ма? Сонда ақшаны қалай таппақ? Олар өздері секілді қарапайым қыздармен кездескісі келмейді. “Олар автобуспен жүреді, беттері безеу-безеу, тістері қисық” деп жақтырмайды. Егер әдемі қыз керек болса, ақша табыңыз. Кез келген қызды ақшамен әдемі етуге болады емес пе?”, – деді ол. 

Шаншар әзіл-сықақ театрының актрисасы өзінен жас жігітке тұрмысқа шықты
Димаш Құдайбергеннің жас қызбен түскен фотосы көпшілікті сүйсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу