Қытай: «Біздің арман өзге елдермен байланысты»
Қытайдың Ресейдегі елшісі Чжан Ханьхуэй Қытайдың бес компонентті жоспарын айтып берді. Экономика, саясат, мәдениет, әлеуметтік саланың құрылысы және «төрт жан-жақты» стратегияны, яғни орташа табысты қоғам құру, реформаларды тереңдету, елді заңмен басқару және қатаң ішкі партиялық басқару стратегияларын атап көрсетті. Сонымен қатар елші Ресей мен Қытайдың тату көршілер екенін айтты.
«Қытай арманы» ұранын Си Цзиньпин 2012 жылы билікке келгеннен кейін бірден жариялаған. оның ресми түсіндірмесінде Қытай халқының арманы барлық елдер халықтарының армандарымен тығыз байланысты және «қытайлық арманды» жүзеге асыру планетадағы бейбіт ахуалда және әлемдік тәртіптің тұрақтылығымен ғана мүмкін деп жазылған.