Роза Әлқожа: « Туған күнімде жастарға бір сый жасағым келеді»

Oinet.kz 11-09-2019 2970

Screenshot_1.jpg

Мүшел жасын шығарып салғалы жатқан Роза Әлқожа 1 қазан күні туған күнінде жастарға сый жасағысы келетінін айтты.

Өзінің инста парақшасында: «Биыл мүшел жастан аман өтіп, әр күніме тәубе деп жүрген жай бар. Енді 1-қазан туған күнімде жастарға бір сый жасағым келеді. Биыл жастар жылы. Соған орай "Мен жастарға сенемін!"деген концерт өткізсек деймін», - деген әнші құны мың теңге болатынын және ол қаражат тек залдың арендасына ғана төленетінін жоспарлап отырғанын айтты. Наркенже Серікбаева, Күнсұлу Түрікпен, Бақытжан Рақымжан, Асқар Қалмырза, Айдан Шахаева сынды таланттарды шақырғалы отырған Роза: «Сіз ауыл-аймақта, аудандарда жүрген өте талантты дарындарды қолдап келер ме едіңіз?» - деп халықтың ой-пікірін сұрады.

Роза Рымбаева сахнадан кететінін айтты
Қытай: «Біздің арман өзге елдермен байланысты»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу